14 ақпан 2025, 05:14
kase.kz-ке өту
Қазақша
Tabadul Digital Exchange Hub

Tabadul Digital Exchange Hub цифрлық хабын 2022 жылғы шілдеде Абу-Даби қор биржасы (ADX) құрған, ол нарыққа өзара қол жеткізу моделі бойынша жұмыс істейді.

2024 жылғы 07 тамызда «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) және «KASE Клиринг орталығы» АҚ (KAСС) ресми түрде Tabadul Digital Exchange Hub цифрлық биржа хабына қосылды.

Нарыққа өзара қол жеткізу моделіне негізделе отырып, Tabadul инвесторлардың сауда бағалы қағаздарын жергілікті брокерлер арқылы тікелей Биржада сатуына мүмкіндік береді.

Tabadul хабына қосылу оған мүше биржалар арасында екіжақты кросс-биржалық сауда жүргізуге мүмкіндік береді, стратегиялық серіктестікті нығайтып, биржалар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Tabadul Digital Exchange Hub мүшелері
  • Abu Dhabi Securities Exchange (ADX)

  • Bahrain Bourse (ВНВ)

  • Muscat Stock Exchange (MSX)

  • Astana International Exchange (AIX)