4 желтоқсан 2024, 23:59
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Биржа туралы/
Мансап
Мансап
Біз кәсіпқой мамандар командасында қызықты жұмысты, сондай-ақ өзін-өзі таныту, кәсіби өсу, өз білімдері мен тәжірибесін пайдалану мүмкіншіліктерін ұсынамыз. Бастамашыл, талантты, мақсатына ұмтылған және табысқа сенімді адамдардан, қор нарығында мансабын жаңа бастаған, сондай-ақ тәжірибелі кәсіпқой мамандардан түйіндемелер күтеміз.
Бос орындарға үміткерлерге теңдей мүмкіндіктер береміз. Кандидатураларды қарау үдерісінде, әділеттікті, гендерлік теңдікті, сондай-ақ ұйымның бизнес-талаптарын басшылыққа аламыз.
Барлық түйіндемені мына мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз:hrs@kase.kz
Ақпарат бөлімінің маманы Ақпарат және статистика департаменті

Міндеттері:

  • биржалық ақпаратты жинауға, талдауға және өңдеуге мүмкіндік беретін процестерді автоматтандыруға қатысу;
  • реттеуші органның және Биржаның ішкі мақсаттарына арналған статистикалық деректерді дайындау;
  • бағалы қағаздар базасын жүргізу;
  • Биржаның интернет-сайтын ақпараттық толықтыру және сүйемелдеу.

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • жоғары (экономикалық, қаржылық және/немесе математикалық) білім;
  • бағалы қағаздар нарығындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл;
  • ағылшын тілін intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде білу;
  • Microsoft Office өнімдерінің сенімді пайдаланушысы;
  • PowerPoint және Excel бағдарламаларында, деректер массивін өңдеу және оның көрнекі көрінісі бойынша жақсы жұмыс дағдылары;
  • құжат айналымы және іскерлік хат алмасу нормаларын білу.