FAQ
Биржада бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату үшін тиісті санаттағы Биржаның мүшесі болып табылатын ұйымға хабарласу қажет. Мүшелік санаттары, мекен-жайлары мен телефондары көрсетілген Биржа мүшелерінің тізімі осында жарияланған.
"Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы қызметті бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ғана жүзеге асыра алады. Биржа сауда-саттықты ұйымдастырушы-нарықтың кәсіби қатысушылары бағалы қағаздарды сататын және сатып алатын алаң.
Қор биржасы өзінің бағалы қағаздарын эмитент ретінде шығарып, сата алады, сондай-ақ уәкілетті брокер арқылы инвестор ретінде басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын сатып алып, сата алады.
Жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Биржа өткізетін сауда-саттыққа тек тиісті санаттағы Биржа мүшелері, оның ішінде үшінші тұлғалардың өз клиенттерінің есебінен және мүдделері үшін қатысуға құқылы. Жеке тұлғалар сауда-саттыққа Биржаның мүшелері болып табылатын брокерлік ұйымдар арқылы ғана қатыса алады.