Астанада қазақстандық брокерлердің жәрмеңкесі "KASE FEST" өтті
2024 жылдың 11 қазанында KASE Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University алаңында қазақстандық брокерлердің “KASE FEST” екінші жәрмеңкесін өткізді.
KASE және брокерлік компаниялардың өкілдері іс-шараға қатысушыларға қор нарығына инвестициялау туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушылар шеберлік сыныптары мен ойындарға қатысып, жүлделерді жеңіп алды.
Жәрмеңкеге келесі қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты: “Қазпошта” АҚ, “Фридом Финанс” АҚ, “ Halyk Finance” АҚ, “SkyBridge Invest” АҚ, “Қазақстан Халық Банкі” АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ. Жалпы іс-шараға 200-ден астам қатысушы келді.
Айта кетейік, Биржа 24 қазанда Алматыдағы ҚБТУ алаңында қазақстандық брокерлердің тағы бір “KASE FEST” жәрмеңкесін өткізеді. Алдыңғы “KASE FEST” 08 қазан күні Павлодарда өткен болатын. Бұл Дүниежүзілік қор биржалары федерациясының (WFE) жыл сайынғы World Investor Week 2024 бағдарламасын және “Ring The Bell for Financial Literacy” рәсімін қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.