5 желтоқсан 2024, 07:37
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Медиа орталық/
Іс-шаралар
Іс-шаралар тізіміне оралу

Биржа "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының Төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен KASE Talks өткізді

11 қазанда Қазақстан қор биржасы "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының Төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен KASE Talks өткізді

KASE Talks жүргізушісі KASE Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген болды.

Іс-шара барысында Алина Алдамберген мен Нұрлан Жақыпов Қор активтерін басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған "Самұрық-Қазына" АҚ портфельдік компанияларының активтерін жекешелендіру бағдарламасының 2024 жылдың қазанындағы нәтижелері туралы өзекті тақырыптарды талқылады.

Өткен және алдағы IPO/SPO және "Самұрық-Қазына" АҚ-ның шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жоспарлары тақырыбын қозғады.

Сондай-ақ, қаржылық сауаттылықты арттыру жобалары және Қор жақын арада іске асыруды жоспарлап отырған басқа да маңызды жобалар туралы айтылды.

Қазақстан қор биржасы 2018 жылдан бастап қаржы нарығы мен тұтастай Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks бағдарламаларының циклын өткізеді.