қаржыландыруды тарту үшін бағалы қағаздар шығаратын заңды тұлғалар (мемлекет және компаниялар, оның ішінде мемлекет қатысатын компаниялар). Шығарылған бағалы қағаздарды Биржада орналастыру үшін эмитенттер листингтен өтуі керек.
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ – бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйым
- "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ – бағалы қағаздарды есепке алуды, сақтауды және олармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым
- инвесторларға бағалы қағаздар нарығына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдар – брокерлер, дилерлер, басқарушы компаниялар
дивидендтер, купондар түрінде және қаржы құралдарды сатып алу-сату құнының айырмашылығы арқылы пайда табу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алатын жеке және заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметін реттейтін мемлекеттік орган
Инвесторлардың бағалы қағазын өткізуден (сатудан) түскен табыс мынадай шарттармен салық салудан босатылады:
Салық салудан босатылады мәміле KASE-де ашық сауда-саттық әдісімен жасалған жағдайда
Салық салудан босатылады мәміле KASE-де де, биржадан тыс бағалы қағаздар нарығында да жасалған жағдайда
Салық салудан босатылады мәміле KASE-де ашық сауда-саттық әдісімен жасалған жағдайда
Мәміле жасалған жерге қарамастан салық салудан босатылады (мәміле KASE-де де, биржадан тыс бағалы қағаздар нарығында да жасалған жағдайда)