Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
5 желтоқсаннан бастап "Фридом Финанс" АҚ KZ1C00001262 (FFIN) жай акциялары баламалы алаңның "акциялар" секторынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандартты" санатына ауыстырылады
/KASE, 04.12.24/ – 2024 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ1C00001262 (FFIN) жай акцияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңның "акциялар" секторынан негізгі алаңының "стандартты" санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Листингтік комиссияның осы шешімі 2024 жылдың 5 желтоқсанында күшіне енеді.
KASEнің 2024 жылдың 25 қарашасындағы қорытындысында "Фридом Финанс" АҚ және оның көрсетілген акцияларын тексеру нәтижелері бойынша аталған акциялардың KASE ресми тізімі негізгі алаңының "стандартты" санатында көрсетілу үшін Листингтік қағидаларда белгіленген критерийлер мен талаптарға сәйкестігі анықталғаны атап өтілді.
[2024-12-04]