Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
5 желтоқсаннан бастап "Akzhal Gold Resources" АҚ KZ1C00014141 (AKGR) жай акциялары баламалы алаңның "акциялар" секторынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандартты" санатына ауыстырылады
/KASE, 04.12.24/ – 2024 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы "Akzhal Gold Resources" АҚ (Өскемен) KZ1C00014141 (AKGR) жай акцияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңның "акциялар" секторынан негізгі алаңының "стандартты" санатына ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Листингтік комиссияның осы шешімі 2024 жылдың 5 желтоқсанында күшіне енеді.
KASE 2024 жылдың 25 қарашасындағы қорытындысында "Ақжал Голд Ресорсиз" АҚ және оның көрсетілген акцияларын тексеру нәтижелері бойынша аталған акциялардың KASE ресми тізімі негізгі алаңының "стандартты" санатында көрсетілу үшін Листингтік қағидаларда белгіленген критерийлер мен талаптарға сәйкестігі анықталғаны атап өтілді.
[2024-12-04]