5 желтоқсан 2024, 07:31
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.12.2024 15:09 #Қаржы құралдары

5-ші желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС KZ2P00012727 (MFLGb6) облигацияларымен сауда- саттық ашылады

/KASE, 04.12.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 5-ші желтоқсанынан бастап "GoldFinMarket" Ломбарды" ЖШС (Шымкент) KZ2P00012727 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb6; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 360 күн; тоқсандық купон, жылдық 20,00 %; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-12-04]