5 желтоқсан 2024, 00:16
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.12.2024 12:42 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2025-2029 жылдарға арналған "Кеңқияқ – Құмкөл" мұнай құбыры арқылы Қазақстанның ішкі нарығына мұнай айдауға арналған тарифтердің бекітілгені туралы хабарлады

/KASE, 04.12.24/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) KASE-ге былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

4 декабря 2024 года

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігі табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Комитет Департаментінің бұйрығына сәйкес "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС-нің ("ҚазТрансОйл" АҚ 50% қатысуы және China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation 50% қатысуы) "Кеңқияқ – Құмкөл" мұнай құбыры бойынша 2025-2029 жылдары Қазақстанның ішкі нарығына мұнай тасымалдауға арналған реттелетін қызметтерге тарифтер бекітілді.

2025 жылы тариф 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 338,49 теңгені, 2026 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 390,48 теңгені, 2027 жылы - 1000 км-ге (ҚҚСсыз) 1 тонна үшін 3 693,05 теңгені, 2028 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 4 202,89 теңгені, 2029 жылы - 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) 1 тонна үшін 3 769,47 теңгені құрайды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі пресс-релиздің толық нұсқасы – толығырақ

[2024-12-04]