2024 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАНЫНДАҒЫ KASE САУДА-САТТЫҚ РЕГЛАМЕНТІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
/KASE, 02.12.24, 25.11.24, жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE "Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы" ішкі құжатына сәйкес KASE-дегі сауда-саттық регламентіне 2024 жылдың желтоқсанында мынадай өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.
16 желтоқсанда Қазақстанда мереке күніне байланысты сауда-саттық өткізілмейді, Қазақстанның қаржы нарықтары жабылады.
25 желтоқсанда АҚШ, Еуроаймақ және Қытай Халық Республикасында мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда-саттық өткізілмейді:
- USDKZT_TOD, EURKZT_TOD, CNYKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;
- CNYKZT_TOM, USDCNY_TOM, EURCNY_TOM;
- CNYKZT_SPT, USDCNY_SPT, EURCNY_SPT;
- USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, USDKZT_0_01W, USDKZT_0_01M, USDKZT_0_03M, USDKZT_0_06M, USDKZT_0_01Y, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002, EURUSD_0_001, EURUSD_0_002, CNYKZT_0_001 и CNYKZT_0_002;
- шетелдік эмитенттер шығарған және АҚШ долларымен есеп айырысумен саудаланатын ETF акциялары мен бағалы қағаздары.
26 желтоқсанда Еуроаймақта және Қытай Халық Республикасында мереке күніне байланысты келесі құралдармен сауда-саттық өткізілмейді:
- EURKZT_TOD, EURUSD_TOD, CNYKZT_TOD, USDCNY_TOD, EURCNY_TOD;
- CNYKZT_TOM, USDCNY_TOM, EURCNY_TOM;
- CNYKZT_SPT, USDCNY_SPT, EURCNY_SPT;
- EURKZT_0_001, EURKZT_0_002, EURUSD_0_001, EURUSD_0_002, CNYKZT_0_001 және CNYKZT_0_002.
30 және 31 желтоқсанда Ресейдегі мереке күндеріне байланысты келесі құралдармен сауда-саттық өткізілмейді:
- RUBKZT_TOD, RUBKZT_0_001 және RUBKZT_0_002.
Бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің сауда-саттық және жұмыс регламенті мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2024-12-02]