19 қарашадан бастап "Қазақстан Халық Банкі "АҚ KZ2C00012482 (HSBKb22) "жасыл" облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 19.11.24/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2024 жылдың 18 қарашасында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Алматы) KZ2C00012482 "жасыл" облигациялары (HSBKb22; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; өзгермелі жарты жылдық купон – TONIA Compounded + тиянақталған маржа, маржа мөлшерлемесі облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365) негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2024 жылдың 19 қарашасынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2024-11-19]