5 желтоқсан 2024, 07:29
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.11.2024 14:36 #Корпоративтік уақиғалар

"Эйр Астана" АҚ 2024 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық және операциялық нәтижелерді хабарлады

/KASE, 05.11.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Эйр Астана" АҚ (Алматы) KASE-ге жолдаған 2024 жылдың 05 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:

дәйексөздің басы

"Эйр Астана" акционерлік қоғамы ("Компания" және FlyArystan еншілес компанияcымен бірге "Топ") түсім көлемі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі әуекомпаниялардың ірі тобы үшінші тоқсандағы және 2024 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған 9 айдағы қаржылық және операциялық нәтижелерді жариялайды.

Негізгі көрсеткіштер

Үшінші тоқсанда ШЖКМ, EBITDAR-дағы кірістің үздік көрсеткіштері және маржаның өсуі

  • Біржолғы баптарды1 есептемегенде түсім және басқа да кірістер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға өсіп, 410,0 млн. АҚШ долл. құрады (2023 жылдың үшінші тоқсанында: 371,5 млн. АҚШ долл.).
  • Түзетілген EBITDAR көрсеткіші біржолғы баптарды1 есептемегенде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға өсіп, 128,8 млн. АҚШ долл. құрады (2023 жылдың үшінші тоқсанында: 114,4 млн. АҚШ долл.). Бір жолғы баптарды1 есептемегенде түзетілген EBITDAR маржасы 31,4%-ге дейiн ұлғайды (2023 жылдың үшінші тоқсанында: 30,8%).
  • ШЖКМ көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға артып, 5,9 млрд құрады (2023 жылдың үшінші тоқсанда 2023: 5,4 млрд).
  • ОШКМ көрсеткіші 5,1 млрд-ты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға өсті (2023 жылдың үшінші тоқсанында: 4,7 млрд).
  • Екі брендтің кірістілігін белсенді басқару арқасында ШЖКМ кірістерінің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға өсті, және 6,95 АҚШ центін құраған (2023 жылдың үшінші тоқсанында 6,83 АҚШ центі), ал ШЖКМ шығыстары өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсті.
  • ШЖКМ кірістер мен шығыстар көрсеткіштерінiң өcуi арасындағы терic алшақтық бірінші жартыжылдықтағы 2,0 пайыздық байнадан үшінші тоқсанда 1,0 пайыздық байнаға дейін қысқарды.
  • Тасымал сыйымдылықтарының 8,4%-ға өсуімен бірге, есепті тоқсанда Топтың тасымалданған жолаушыларының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,9%-ға өсумен 2,8 млн адам болды және орташа жүктеме коэффициенті өткен тоқсанмен салыстырғанда 4,2 пайыздық байнаға өсумен 87,0% болды және 2023 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,1 пайыздық байнаға өстi.

* Біржолғы баптар (ББ): 2024 жылдың 3-тоқсаны 2,0 млн АҚШ долларын құрайтын IPO-ға қатысты таза шығындарды қамтыды. 2023 жылдың 3-тоқсанында IPO-ға қатысты 0,5 млн АҚШ доллары көлеміндегі шығыстар мен Ресейдегі ішінара жұмылдыру әсер еткен төтенше нарықтық оқиғадан (ТНО) 1,1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі кіріс кірді. 2024 жылы 9 ай Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты 11,4 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі IPO-ға қатысты таза шығындар мен 2,7 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қайырмалдық көмектi қамтыды. 2023 жылдың 9 айында IPO-ға қатысты 0,9 млн АҚШ доллары көлеміндегі шығыстар мен Ресейдегі ішінара жұмылдыру әсер еткен төтенше нарықтық оқиғадан (ТНО) 10,0 миллион АҚШ доллары көлеміндегі кіріс кірді.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды:

[2024-11-05]