5 желтоқсан 2024, 07:05
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.11.2024 12:57 #Сауда-саттық ақпараты

2024 жылдың қазан айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 05.11.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың қазан айында акциялар нарығына шолу жасайды.

Қазан айында акциялармен сауда-саттық көлемі 18,1 млрд теңгені құрап, қыркүйекке қатысты 67,2 %-ға немесе 7,3 млрд теңгеге ұлғайды. Қазан айында акциялардың сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 823,3 млн теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 6 028 мәмілені, бір мәміленің орташа көлемі – 136,6 мың теңгені құрады.

KASE Индексінің мәні қазан айында 0,8 %-ға өсіп, айдың соңына қарай 5 213,61 тармақты құрады.

------------------------------------------------------------
                                                     Көлемі,
                                                  млрд теңге
                                         Δ, % --------------
                 31       30    Δ, % 01.01.24 қазан қыркүйек
               қазан   қыркүйек        бастап               
------------- -------- -------- ---- -------- ----- --------
KASE Индексі  5 213,61 5 171,79 +0,8    +24,5 12,08     9,40
------------------------------------------------------------

Қазан айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 12,1 млрд теңгені құрады, бұл қыркүйек айындағы көрсеткіштен 2,7 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Қазақтелеком" АҚ-ның жай акцияларына – 3,1 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,5 %) тиесілі болды.

--------------------------------------------------------------
      Соңғы мәміленің бағасы,             Сауда-саттық көлемі,
         бір акцияға теңгемен     Δ, %               млн теңге
     ------------------------ -------- -----------------------
                                                      
            31        30 Δ, % 01.01.24   қазан қыркүйек   Δ, %
         қазан  қыркүйек        бастап                        
---- --------- --------- ---- -------- ------- -------- ------
KCEL  3 346,99  3 198,50 +4,6    +71,2 1 916,5    202,9 +844,5
HSBK    218,62    209,59 +4,3    +33,6 1 114,5  1 436,2  -22,4
KZAP 18 999,00 18 234,97 +4,2     +2,9   992,2    817,3  +21,4
CCBN  1 945,00  1 905,00 +2,1    +99,1   151,8    303,1  -49,9
KZTK 38 500,00 38 100,00 +1,0    +11,6 3 084,6    515,8 +498,0
KSPI 56 495,99 56 455,00 +0,1    +23,9 1 698,2  1 365,4  +24,4
KZTO    811,83    815,12 -0,4     -6,1   610,4  1 853,0  -67,1
KMGZ 13 579,98 13 899,00 -2,3    +17,7   661,9    543,7  +21,7
KEGC  1 442,00  1 505,00 -4,2     -2,7 1 362,8  1 534,1  -11,2
AIRA    757,90    841,00 -9,9    -36,3   483,2    831,3  -41,9
--------------------------------------------------------------

2024 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 31,7 трлн теңгені (64,8 млрд USD) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 170,2 млрд теңгеге немесе 0,5 %-ға жоғары.

-------------------------------------------------------------
                         31 қазан 30 қыркүйек    Өзг. Өзг., %
----------------------- --------- ----------- ------- -------
Капитализация, млрд KZT 31 662,74   31 492,57 +170,17    +0,5
Капитализация, млн USD  64 822,89   65 714,95 -892,05    -1,4
-------------------------------------------------------------

2024 жылдың 31 қазанындағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыруды есептеу үшін өкілдік тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруі:

--------------------------------------------------
                      Бағаның өзгеруі /           
Эмитент             (соңғы мәміленің күні) Өзг., %
------------------- ---------------------- -------
"РЕСПУБЛИКА"          15 000,00  10 600,00   +41,5
ҚАРЖЫ ХОЛДИНГІ " АҚ  (31.10.24) (30.09.24)        
(FHRP)                                            
------------------- ----------- ---------- -------
"Кселл" АҚ             3 346,99   3 198,50    +4,6
(KCEL)               (31.10.24) (30.09.24)        
------------------- ----------- ---------- -------
"Эйр Астана" АҚ          757,90     841,00    -9,9
(AIRA)               (31.10.24) (30.09.24)        
------------------- ----------- ---------- -------
"БАСТ" АҚ              6 990,00   8 100,00   -13,7
(BAST)               (31.10.24) (30.09.24)        
------------------- ----------- ---------- -------
"KM GOLD" АҚ              71,00      91,00   -22,0
(KMGD)               (31.10.24) (30.09.24)        
--------------------------------------------------
* кестеде +/- 5 %-дан асатын акциялар бағасының өзгеруі келтірілген.

[2024-11-05]