01 ҚАЗАННАН БАСТАП KASE ESG ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУДІ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУДЫ БАСТАЙДЫ
/KASE, 01.10.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 01 қазанынан бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) келесі ESG индекстері мен индикаторларын есептеп, жариялай бастайды:
- KASE_ESGB_CP – негізгі және баламалы алаңдарға KASE ресми тізіміне енгізілген облигациялардың ESG "таза" бағаларының индексі;
- KASE_ESGB_DP – негізгі және баламлыа алаңдарға KASE ресми тізіміне енгізілген ESG облигацияларының "таза емес" бағасының индексі;
- KASE_ESGB_Y – облигациялардың ESG индексінің кірістілік индикаторы (жылдық пайызбен);
- ESG облигациялары индексінің дюрациясы (жылдармен).
ESG облигацияларының индекстерін есептеуді іске қосу "жасыл" экономиканы дамыту саласындағы әлемдік үрдістерге сәйкес KASE ESG облигацияларының нарығын дамыту мақсатында іске асырылды.
ESG облигацияларының индексін есептеу формулаларында борыштық қаржы құралдары үшін индекстерді анықтаудың жалпы қабылданған әдістемесі бойынша стандартты тәсіл бар. ESG облигацияларының бағасы ретінде индекстер мен индикаторларды есептеу үшін нарық қатысушыларының ESG облигацияларына қызығушылығы елеулі көрінгенге дейін KASE Клирингк орталығының "Бағалы қағаздардың есептесу бағаларын анықтау әдістемесі" атты ішкі құжатына сәйкес анықталған баға пайдаланылатын болады.
KASE_ESGB_CP индексінің бастапқы мәні 100,00 тармақ деңгейінде, KASE_ESGB_DP индексінің бастапқы мәні жинақталған купондық сыйақының орташа мәнін (пайызбен) қоса отырып, 100,00 тармақ деңгейінде тіркелген.
Индекстердің мәндері Астана қаласы уақытының 17:30-да жұмыс күндері бойынша күніне бір рет есептеледі және KASE интернет-ресурсында "Қор нарығының индикаторлары" бөлімінде жарияланады – толығырақ
Бұдан бұрын хабарланғандай, 01 қазаннан бастап ESG облигацияларының индекстерін есептеу әдістемесі анықталған жаңа редакциядағы "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжаты (әдістеме) қолданысқа енгізіледі.
Әдістеме жаңа редакцияда мына сілтеме бойынша KASE интернет-ресурсында жарияланады толығырақ ("Әдістемелер" қалташасы).
[2024-10-01]