5 желтоқсан 2024, 07:10
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
01.08.2024 10:10 #Индекстер мен индикаторлар

2024 ЖЫЛДЫҢ 05 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМІНЕ КІРЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

/KASE, 01.08.24/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2024 жылдың 05 тамызынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды.

Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген.

------------------------------------------------------------------------------
          2024 жылдың 05 тамызынан бастап      2024 жылдың 05 тамызына дейін
            орналастыры-   free   шектеулі    орналастыры-   free  шектеулі   
Акциялар    лған акциялар  float  коэф-       лған акциялар  float коэф-      
коды        саны           (Fi),% фициент(Ri) саны          (Fi),% фициент(Ri)
------------------------------------------------------------------------------
AIRA        355 934 448   42.0  1.0000000     356 526 315    42.0  1.0000000
CCBN        188 029 035   40.4  1.0000000     188 029 035    40.4  1.0000000
HSBK     10 908 249 099   30.5  0.3579103  10 908 249 099    30.5  0.3280386
KCEL        200 000 000   34.1  1.0000000     200 000 000    34.1  1.0000000
KEGC        275 291 564   15.0  1.0000000     275 291 564    15.0  1.0000000
KMGZ        610 119 493    3.0  0.9962024     610 119 493     3.0  1.0000000
KSPI        190 015 729   30.5  0.0643977     190 008 890    30.5  0.0774122
KZAP        259 356 608   25.0  0.2064471     259 356 608    25.0  0.2004022
KZTK         10 705 605   19.1  1.0000000      10 705 605    19.1  1.0000000
KZTO        384 627 701   10.0  1.0000000     384 627 801    10.0  1.0000000
------------------------------------------------------------------------------

КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ

KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады.

Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Индекс беті толығырақ мекен-жай бойынша жарияланған.

Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: AIRA - "Эйр Астана" АҚ; CCBN - "Банк ЦентрКредит" АҚ; HSBK - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ; KCEL - "Кселл" АҚ; KEGC - АҚ "KEGOC"; KMGZ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ; KSPI - Kaspi.kz АҚ; KZAP - АҚ "Казатомпром" ҰАК"; KZTK - АҚ "Қазақтелеком"; KZTO - АҚ "КазТрансОйл".

Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді.

Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр.

Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр.

[2024-08-01]