5 желтоқсан 2024, 07:27
kase.kz сайтқа өтіңіз
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.04.2024 11:23 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2024 ЖЫЛДЫҢ 04 МАМЫРЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 22.04.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2024 жылдың 11 сәуірдегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес 2024 жылдың 06 мамырынан бастап KASE Индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – тізім) анықталғанын хабарлайды.

Әдістеменің 4 бабының 16 тармағына сәйкес KASE Индексінің өкілдік тізімінің акциялары үшін шектеу коэффициенттері қаңтардың, сәуірдің, шілденің, қазанның соңғы жұмыс күнінің қорытындылары бойынша күнтізбелік тоқсанға бір рет есептеледі және келесі айдың үшінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстанда демалыс күнінің ауысуына байланысты 2024 жылдың 04 мамыры келесі айдың үшінші жұмыс күні болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес жаңа параметрлері бар KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімді енгізу күні 2024 жылдың 06 мамырынан 04 мамырына ауыстырылады.

KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

-------------------------------------------------------------------
      Акция                                   
# р/с коды      ISIN     Эмитент                Fi*       Ri* Күні*
----- ----- ------------ --------------------- ---- --------- -----
  1   AIRA  KZ1C00004050 АО "ЭЙР АСТАНА"       43,7 1,0000000   9,0
  2   CCBN  KZ0007786572 АО "Банк ЦентрКредит" 40,4 1,0000000   7,5
  3   HSBK  KZ000A0LE0S4 АО "Народный          30,5 0,3593460  15,5
                         сберегательный банк                       
                         Казахстана"                               
  4   KCEL  KZ1C00000876 АО "Кселл"            34,1 1,0000000  12,6
  5   KEGC  KZ1C00000959 АО "KEGOC"            15,0 1,0000000   3,8
  6   KMGZ  KZ1C00001122 АО "НАК "КазМунайГаз"  3,0 1,0000000  14,1
  7   KSPI  KZ1C00001536 АО "Kaspi.kz"         24,5 0,1099141  16,6
  8   KZAP  KZ1C00001619 АО "НАК "Казатомпром" 25,0 0,1942834  14,6
  9   KZTK  KZ0009093241 АО "Казахтелеком"     19,1 1,0000000   4,4
 10   KZTO  KZ1C00000744 АО "КазТрансОйл"      10,0 1,0000000   2,0
-------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2024 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша 
көрсетілген. Комитет шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 2024 жылдың 
04 мамырының басындағы Fi, Ri параметрлері, үлесі 2024 жылдың 
01 наурызындағы акциялардың ағымдағы бағасына және еркін 
айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – 01.04.24 жағдай бойынша еркін айналымдағы акциялар санының, KASE 29.02.24 жағдай бойынша тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.

Доля – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2024-04-22]