Клирингілік қызметті KASE компаниялар тобына кіретін "KASE клиринг орталығы" АҚ 2023 жылдың 21 шілдесінде берілген қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыруға №3.1.8.2 лицензиясы және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2023 жылдың 28 тамызында берген №4.3.22 банк операцияларын жүргізуге лицензиясы негізінде жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда Клирингілік орталық клирингілік қызметті жүзеге асыратын және биржалық валюта және қор нарықтарында, сондай-ақ туынды құралдар нарығында орталық контрагенттің қызметтерін көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.
Клирингілік орталық мынадай қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асырады:
қор нарығында – олармен жасалған мәмілелер бойынша Клирингілік орталық, Клирингілтік орталықтың Басқармасы бекітетін, клирингілік қызметті жүзеге асыратын қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне енгізілген қаржы құралдармен;
валюталық нарықта – шетелдік валюталармен;
деривативтер нарығында – фьючерстермен
Тәуекелдерді Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесінің арқасында азайту
Орталық контрагент есебінен адал клирингілік қатысушылардың мәмілелерін орындау кепілдігі
Операциялық тиімділік – көптарапты неттинг, бірыңғай қамтамасыз ету пулы есебінен операциялық шығындарды азайту
Көптеген контрагенттер емес, Орталық контрагент ретінде бір контрагенттің тәуекелін бағалау
Клирингілік қатысушылар активтерінің өтімділігін бірыңғай шектелім және әртүрлі мерзімдердегі жайғасымдарды неттингілеу және мәмілелерді маржалау кезінде портфельдік тәсіл есебінен арттыру
Белгілі бір биржалық нарықта мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді енгізбестен.
Бұл санат кез келген биржалық нарықта тек ҚРҰБ-қа беріледі
Осы сауда-саттықта мәмілелер мен белсенді өтінімдер бойынша міндеттемелерді орындау үшін Клирингілік ережелерге сәйкес қалыптастырылатын жеткілікті қамтамасыз ету болған кезде
Жайғасымдарды ашу шектелімін қолдана отырып және шоғырлану мөлшерлемесінің кемінде екі еселенген мөлшеріне тең бастапқы маржаның жеке мөлшерлемесін белгілей отырып, жеткілікті қамтамасыз ету болған кезде
Осы міндеттемелер туындаған қаржы құралдарында жасалған мәмілелер және белсенді өтінімдер бойынша міндеттемелерді толық қамтамасыз ету кезінде
Орталық контрагент (ОК) – қаржы нарығына қатысушының нарыққа қатысушылармен барлық мәмілелер бойынша жалғыз контрагент болатын ақша немесе қаржы активін жеткізу жөніндегі міндеттемесін орындамау тәуекелін өзіне алатын қаржы нарығының инфрақұрылымдық ұйымы.
Бүгінгі күні Клиринг орталығы клирингілік қызметті жүзеге асыратын және Биржаның валюталық және қор нарықтарында, сондай-ақ туынды құралдар нарығында Орталық контрагенттің қызметтерін көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.
Орталық контрагент әр сатып алушы үшін сатушы және әр сатушы үшін сатып алушы болады:
• ОК-пен мәміле бірінші мәміле бойынша – міндеттемелер контрагент (сатушы) пен ОК арасында, екіншісі – контрагент (сатып алушы) пен ОК арасында туындайтындай етіп екіге бөлінеді
• ОК екі мәміленің заңды жағына айналады, сатушы мен сатып алушының контрагенттері арасындағы түпнұсқа мәміле тоқтатылады
• ОК басқа клирингілік қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауына қарамастан әрбір адал клирингілік қатысушының алдында жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді
Әрбір мәміле бойынша ОК тарап (сатып алушы және сатушы) болуына байланысты мәмілелерді орындау кепілдігі
1Жосықсыз қатысушылардың орындалмаған міндеттемелерін ОК пен осындай қатысушылар арасында орындалмаған міндеттемелерді ауыстыру мәмілелерін жасасу арқылы реттеу
2Жалғыз контрагент – ОК және мәмілелер бойынша өзара талаптар мен міндеттемелердің неттингі есебінен қатысушылар үшін шығындарды азайту
3Сауда-саттық жүйесіне өтінімді енгізу кезеңінде қамтамасыз етудің (бірыңғай шектелімнің) болуын тексеру
4Ақшамен және бағалы қағаздармен қамтамасыз ету есебінен міндеттемелерді реттеу
5Қамтамасыз ету ретінде Т+ Тізіміне енгізілген бағалы қағаздар қабылданады
6